«Алла панасына алсын». Қымбат Досжан кімге көңіл айтты?
Белгілі тележурналист Қымбат Досжан жақында өмірден өткен Үсіпхан Сейтімбетті еске алды.
Ол актердің талантына ерекше тоқталып өтті.
Қош, Үсіпхан! Курсымыздың ең жайдарлы, жүрегі ақ, пейілі кең ақеділ азаматы едің. Пластика, ритм, музыкалық қабілетің бәрі-бәрі бір өзіңнен табылған талант едің. Ритмикадан емтихан тапсырғанымыз есіме түсіп отыр. Бос шыны бөтелкенің әрқайсына суды мөлшерлеп тұрып құйып, алюминий шанышқы, қасықпен ұра отырып, мен дирижерлік еткен “Смуглянка” әнін ансамбльмен тамаша сүйемелдеп едің. Ұрмалы аспаптарды ұрғылағанда тіпті жанатынсың. Неге асықтың?,– деп жазды журналист.Сонымен қатар үзеңгілес болған достарына қазаға ортақ екенін жеткізді.
Қымбатты менің курстастарым! Профессорлар: Асқар Тоқпанов, Шолпан Жандарбекова, Асанәлі Әшімов, Тілектес Мейрамовтың шәкірттері, баршаңызға қайғырып көңіл айтамын. Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсрепов театрларының ұжымына, Үсіпханның жары, курстасым, театр актрисасы Гүлнар Сейтімбетоваға, ұл-қызына, туған жақындарына көңіл айтамын. Алла панасына алсын Үсіпхан бауырымды, – деп жазды Досжан.Еске салайық, үш күн бұрын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері, «Құрмет» орденінің иегері Үсіпхан Сейтімбет дүниеден өткен еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...