Алматы облысында 7-сынып оқушысына қатысты зорлық: жеті жасөспірім анықталды

Алматы облысында 7-сынып оқушысына қатысты зорлық: жеті жасөспірім анықталды
16.10.2025 11:18
0
112
pixabay.com

Алматы облысы, Жамбыл ауданында  7-сынып оқушысына қатысты орын алған азғындық әрекет қоғам назарын аударды. Тергеу барысында жеті кәмелетке толмаған жасөспірімнің қатысы анықталып, құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ауыл мектебінде әйел адам білім ордасы басшылығын қыз балаға жасалған азғындық әрекетті жасырып қалды деп айыптайды. Кейіннен желіде жасөспірімге қатысты зорлық әрекеті түсірілген кадрлар жарияланып, бұл жайт қоғамда үлкен наразылық тудырды.

Жамбыл аудандық білім бөлімі берген ресми мәліметке сәйкес, оқиға 21 қыркүйекте мектептен тыс жерде болған. Мектеп директоры жағдайдан 13 қазанда хабардар болып, дереу құқық қорғау органдарына ақпарат берген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 124-бабы, 1-бөлігі (“Он алты жасқа толмаған адамға қатысты зорлықсыз сипаттағы азғындық әрекеттер жасау”) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Балалар омбудсменінің пікірі

Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева Instagram парақшасында бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді:

“Оқиғаға қатысы бар жеті жасөспірім анықталды. Тергеу жалғасуда. Өңірлік балалар омбудсмені мен психологиялық көмек көрсету орталығының мамандары дүйсенбіден бастап оқиға орнында жұмыс істеп жатыр,” – деп жазды Динара Закиева.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий