Алматы облысында мектепте 15 жастағы оқушы көз жұмды

22.01.2026 08:54 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Алматы облысында мектепте 15 жастағы оқушы көз жұмды
276
Фото: istockphoto.com

Алматы облысының Қаскелең қаласында мектепте оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде Қаскелең қаласында орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепке жедел жәрдем келіп, оқыс оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Жазбаға пікір білдірген адамдар оқушы қайтыс болғанын жазған.

Облыстық білім басқармасы бұл ақпаратты растады. Алдын ала мәлімет бойынша 21 қаңтар күні таңертең үзіліс кезінде 15 жастағы 9 сынып оқушысының жағдайы күрт нашарлаған. Сондықтан мектеп әкімшілігі жедел жәрдем бригадасын шақырған.

Басқарманың мәліметінше, баланың жағдайы туралы онымен бірге тұрған әкесіне жедел хабар берілді. Жасөспірімнің анасы бөлек тұрады. Сол сәтте оқушының жанында нағашы әжесі болған. Ол оқушы білім алған Қ. Сәтбаев атындағы №47 орта мектепте география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

«Жедел жәрдем бригадасы көрсеткен реанимациялық және медициналық көмектерге қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады, ол оқиға орнында көз жұмды. 26 ақпанда жасөспірім 16 жасқа толар еді. Бұл — отбасы, жақындары және бүкіл мектеп ұжымы үшін орны толмас ауыр қайғы. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша уәкілетті органдар тексеру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылады», — делінген мәлімдемеде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий