Алматыда темекі өнімдері табылған кәсіпкер әйел 412 860 теңге айппұл төлейді

Алматыда темекі өнімдері табылған кәсіпкер әйел 412 860 теңге айппұл төлейді
14.10.2025 10:03
0
29

Алматы облысында кәсіпкер әйелге 412 860 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның дүкенінен таңбаланбаған темекі өнімдері табылды деп хабарлайды POLITICO.KZ

Бұл туралы Алматы облыстық сотының ресми Telegram-арнасында жарияланды.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісі ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабы 2-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық сотында қаралды. Іс материалдарына сәйкес, Рахат ауылындағы дүкеннің иесі 2025 жылдың қыркүйек айында белгісіз адамнан 382 қорап темекі өнімін сатып алған.

ҚР Салық кодексіне сәйкес, таңбалануы міндетті акциздік тауарларды таңбасыз сақтау, сату немесе тасымалдауға тыйым салынады. Мұндай бұйымдарды айналымға шығаруға болмайды, ал бұзушылық анықталған жағдайда жауапкершілік қарастырылған.

Сот отырысында кәсіпкер әйел кінәсін толық мойындап, барлық мән-жайды растады. Сот оның кінәсін мойындауы мен кәмелетке толмаған баласының барын жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде есептеп, айыппұл сомасын 30%-ға төмендетті.

Сот шешімімен әйелге 412 860 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал таңбаланбаған темекі өнімдері тәркіленіп, жойылатын болды. Шешім заңды күшіне енді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий