Алматы облысында жетімдерді күштеп Қонаевқа көшіруде

Алматы облысындағы балалар үйінен Қонаев қаласына балаларды көшіру басталды
Бүгін таңертең Алматы облыстық №1 Бағанашыл балалар үйінен Қонаев қаласына балаларды көшіру басталды. Бұл жаңалық қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды.
Балалар үйінің директорының міндетін атқарушы Жұмагүл Баталованың айтуынша, қазіргі таңда 183 баланың 42-сі жаңа орынға жеткізілген. Алайда көшіру науқаны жоспарланғандай тыныш өткен жоқ.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан көрініп тұрғандай, балалар кетуге қарсы болып, полиция қызметкерлеріне қарсы әрекет жасаған.
Көшіру науқанына дейін балалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, өз наразылықтарын білдірген болатын. Олар үйренген ортадан, мұғалімдер мен достарынан ажырағысы келмейтінін айтып, шешімді қайта қарауды сұраған.
Бір сағаттан кейін Тоқаевтың тапсырмасымен “Бағанашылдағы” балалар үйі көшірілмейтін болды.
Соңғы жаңалықтар





