Тоқаевтың тапсырмасымен “Бағанашылдағы” балалар үйі көшірілмейтін болды

Алматы облысындағы Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан №1 балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді», - деп жазды Руслан Желдібай.
Бұл жағдайға байланысты президент әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізетін болды.
Айта кетейік, Алматы облысындағы балалар үйінен Қонаев қаласына балаларды көшіру бүгін басталған болатын.
Соңғы жаңалықтар





