Алматы облысында жол апаты: 3 сынып оқушысы оқиға орнында жан тапсырды
Алматы облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Талғар ауданындағы Қызылту-1 ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үшінші сынып оқушысын қағып кеткен. Ауыр жарақат алған бала оқиға орнында көз жұмды.
Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған жол апаты 21 сәуір күні болған. Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Алдын ала деректерге сәйкес, жүк көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында қайтыс болды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Белгілі болғандай, жүк көлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Соңғы жаңалықтар