Алматы тау кластері дамиды: Үкімет ауқымды жобаны іске қосады

15.07.2025 12:02 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Алматы тау кластері дамиды: Үкімет ауқымды жобаны іске қосады
0
185
Үкімет

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Үкіметтегі баспасөз конференциясында Алматы тау кластерін кешенді дамыту жоспарын жариялады. Жоба аясында қолданыстағы курорттарды кеңейту және жаңа туристік аймақтарды ашу көзделіп отыр.

Алматы таулары – біздің үлкен байлығымыз және ұлттық мақтанышымыз. Мұндай әсем таулар мен шаңғы тебуге арналған қар әлемде санаулы ғана жерде бар. Бұл әлеуетті пайдаланбау – орынсыз ысырап. Сондықтан Алматы тау кластерін дамытатын боламыз. Қазіргі таңда жоғары деңгейдегі инфрақұрылым тек Шымбұлақта бар, алайда ол трасса ұзындығы бойынша шектелген, демек туристерді қабылдау мүмкіндігі де шектеулі, — деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, Алматы тау кластерін кеңейту бағдарламасы қабылданған. Жобаның ауқымы Талғар жақтан басталады: Ой-Қарағай, Бутаковка, Пионерлік шатқал, Кімасар, әрі қарай Шымбұлақтың өз инфрақұрылымы жетілдіріліп, Каскеленге дейін жалғасады.

Жоспарға сәйкес, заманауи тау-шаңғы және туристік инфрақұрылым салынады. Оған жаяу жүргіншілерге арналған соқпақтар, аспалы жолдар мен қызмет көрсету нысандары кіреді.

Премьер-министр Көктөбе-Жайлау шатқалында заманауи тау-шаңғы инфрақұрылымының құрылысы осы жылы басталатынын атап өтті. Жоба ашық әрі жария түрде жүзеге асырылады. Экологиялық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий