Алматыда Әл-Фарабида жарыс ұйымдастырғандар қолға түсті
Алматыда бір топ жүргізуші Әл-Фараби даңғылында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті жағдай туғызды, деп хабарлайды Politico.kz.
Олардың әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, көпшіліктің ашуын тудырды. Кадрлардан көліктердің қарсы жолаққа шығып, жылдамдықты күрт арттырып, бір-бірін қауіпті түрде басып озғанын көруге болады. Сонымен қатар, жүргізушілер жолдағы басқа қатысушылардың өміріне қауіп төндірген.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылар қысқа уақыт ішінде анықталып, ұсталды. Оларға қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда, қауіпті маневр жасау, қарсы жолаққа шығу, апаттық жағдай туғызу, көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану және қауіпсіздік белдігін тақпау деректері бойынша жауапкершілікке тартылды.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырып, мұндай әрекеттердің ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Соңғы жаңалықтар