Алматыда газ құбыры жарылып, көлікті аударып жіберді
АЛМАТЫДА ГАЗ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, КӨЛІК АУДАРЫЛЫП КЕТТІ
16 шілде, Алматыда таңғы сағат 11:25 шамасында Алматы қаласында орналасқан Бұқар Жырау мен Байзақов көшелерінің қиылысында газ құбыры жарылып, салдарынан бір автокөлік ауаға ұшып, аударылып түсті. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс толқыны соншалықты күшті болғаны көлік бірнеше метрге көтеріліп, қайта жерге құлаған. Жарылыс кезінде "СантехКомплектГрупп" ЖШС мердігер ұйымы жаңа газ желісін сынақтан өткізіп жатқан.
Ал "QazaqGaz Aimaq" компаниясы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, жағдай бақылауда екенін айтады.
Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына жедел жетіп, қауіпсіздік шараларын қолға алған. Қазіргі таңда жарылыстың нақты себебі анықталуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...