Алматыда иесіз ғимарат жанынан қару-жарақ салынған жұмбақ қап табылды
1263
Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы жеке секторда иесіз қалған ғимараттың маңынан ішінде қару-жараққа ұқсас заттар салынған күмәнді қап табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға бойынша полиция тексеру жұмыстарын бастады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қаптың ішінен «Сайга» үлгісіндегі ойық ұңғылы карабинге ұқсас қару, оған арналған 10 оқ-дәрі, сондай-ақ тапанша мен оған тиесілі 4 патрон тәркіленген.
Тәркіленген заттардың барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жолданды. Сараптама нәтижесінде олардың нақты түрі мен қолданылу ерекшеліктері анықталады.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қарудың кімге тиесілі екенін, оның қандай жағдайда аталған жерге тасталғанын және бұрын қандай да бір құқық бұзушылықтарда пайдаланылған-пайдаланылмағанын анықтап жатыр. Осы бағытта кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар
09.09.2026
15:09
Ұятсыз әңгіме айтқан: Ақтөбелік әйел тікелей эф...
09.09.2026
15:05
Асылбеков Алматының "бордюр" бизнесі туралы: Не...
09.09.2026
14:49
Ақтөбеде тұрғын үй өртенді: адам шығыны бар
09.09.2026
14:33
Қазақстандағы ең ықпалды әйелдер тізіміне бұл ж...
09.09.2026
14:28
«Дәрінің түсін ғана ажырататын»: Асанәлі Әшімо...
09.09.2026
14:26
Нұртас Адамбай әйелі туралы: Маған қалай шыдап ...