Алматыда бір топ ер адам 18 жастағы жігітті ұрып кетті

13.10.2025 11:07 Айсұлу Мұрат
Алматыда бір топ ер адам 18 жастағы жігітті ұрып кетті
0
147

Алматыда 18 жастағы жігітті бірнеше ер адам жабылып ұрып кеткен. Жәбірленуші алған жарақатының салдарынан қазір ауруханада жатыр деп хабарлайды POLITICO.KZ

18 жастағы жасөспірімнің анасы 11 қазаннан 12 қазанға қараған түні Төле би көшесіндегі "Шашлыкоф" дәмханасының алдында бір топ мас ер адам ұлын аяусыз соққыға жыққанын хабарлады.

Айтуынша, 35-40 жас шамасындағы 15-20 адам тап беріпті. Бала басынан соққы алған, мұрны сынып, ерні жыртылған. Тіпті есін жоғалтса да, ұруды тоқтатпады дейді.

“Есімді жисам, басымды тепкілеп жатыр дейді. Басты күдікті көлікке мініп, қашып кетті. Көмек беріңіздерші”, – деді ана.

Соған қарамастан әйел тек үш күдікті ұсталғанына наразы. Қазір іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы “Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру” бойынша тергеліп жатыр дейді. Ол кінәлілердің толық жазалануын қалайды. 

Жігіттің өзі аталмыш дәмханаға досымен келе жатқан кезде мас ер адамдар тап бергенін айтады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий