Алматыда метро құрылысына бөлінген қаражатты жымқырған

27.04.2026 13:02 Әсел Мұрат
Алматыда метро құрылысына бөлінген қаражатты жымқырған
170
Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы «Метрополитенінен» ұрланған 127 млн теңге басқа заңды тұлғаның банк шоттарынан табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

«Метрополитен» КМК-ның лауазымды тұлғалары мердігер ұйымдардың басшылары және қызметкерлерімен алдын ала сөз байласу арқылы Алматы қаласында метрополитенді салу және жабдықтауға бөлінген бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру схемасын ұйымдастырған. Алмалы аудандық сотының үкімімен «Метрополитен» КМК-ның және мердігер ұйымның 10 лауазымды тұлғасы мүлкін тәркілеумен ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға, және келтірілген залалды ортақ тәртіппен өндіруге сотталған. Кассациялық тәртіппен сот актісінің заңдылығы тексеру барысында жымқырылған қаражаттың Т127 млн сомасы басқа заңды тұлғаның банк шоттарынан анықталды», - делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, көрсетілген қаражат мемлекет кірісіне өндірілді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий