Алматыда өгей әкесін көптің көзінше пышақтап өлтіргендер жайлы сұмдық дерек шықты

14.07.2025 12:06 Admin Admin
Алматыда өгей әкесін көптің көзінше пышақтап өлтіргендер жайлы сұмдық дерек шықты
0
473
Фото: freepik.com

Алматыда қаскөй ер адамды жасөспірімдердің көзінше пышақтап өлтірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.kz ұлттық порталына сілтеп. 

SHOCK KZ телеграм-арнасының мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 8 шілдеден 9 шілдеге қараған түні Алматы қаласындағы Ремизовка ауданында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан адам - күдіктілердің бірінің өгей әкесі. Күдіктілер – марқұмның асырап алған қызы мен оның жігіті.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тергеу қылмыстың ер адамдар арасындағы тұрмыстық жанжал кезінде жасалғанын анықтады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий