Алматыда полицейлермен жанжалдасқан ер адам қамауға алынды

05.09.2026 10:18 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыда полицейлермен жанжалдасқан ер адам қамауға алынды
295
Фото: Алматы ПД

Алматыда полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, олардың жұмысына кедергі келтірген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде тараған. Кадрларда ер адамның қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейлердің әрекетіне араласып, олардың талаптарына бағынбағаны көрінеді.

Полиция қызметкерлері видеодағы азаматтың жеке басын анықтап, оны Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізген.

«Полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін ол жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы үш тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», – деп хабарлады полиция.

Ведомство өкілдері қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейлердің жұмысына араласу, арандату және олардың заңды әрекеттеріне кедергі келтіру заң аясында бағаланатынын атап өтті.

Полицияның айтуынша, оқиғаны камераға түсіруге болады, алайда бұл қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіруге құқық бермейді.

Войдите, чтобы оставить комментарий