Алматыда Қаңтар оқиғасынан бері жасырылған қару-жарақ қоймасы табылды

18.07.2026 16:19 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыда Қаңтар оқиғасынан бері жасырылған қару-жарақ қоймасы табылды
194
Фото: scanpix

Алматы қаласында Қаңтар оқиғасынан бері жасырылып келген қару мен оқ-дәрі сақталған орын анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қару жасырылған орын сотталған азаматтан алынған жедел ақпарат негізінде анықталған. Арнайы операция Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері, мамандандырылған прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жүргізілген.

Жасырын қойма Алматы қаласының Наурызбай ауданынан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 2022 жылғы Қаңтар оқиғалары кезінде жабдықталған болуы мүмкін. Осы уақытқа дейін құқық қорғау органдары оның бар екенін білмеген.

Тексеру барысында жасырын жерден тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Қазіргі уақытта қарудың шығу тегі мен оны жасырған адамдарды анықтау мақсатында тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканованың айтуынша, сотталғандармен жүргізілетін жедел жұмыстардың нәтижесінде өткен жылдардағы қылмыстардың ізіне түсуге, заңсыз қару-жарақ сақталған орындарды анықтауға және қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатердің алдын алуға мүмкіндік туып отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий