Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды (ВИДЕО)

15.10.2026 • 08:56 Әсел МҰРАТ
Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды (ВИДЕО)
167
Фото: Shutterstock

Алматыда тапанша мен бес патроны бар әйел ұсталды. Оның айтуынша, қаруды Есентай өзенінің маңындағы бетон қоршаудан тауып алған, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Жетісу ауданындағы Райымбек даңғылында әйелді ұстаған. Тінту кезінде одан калибрі 9 мм тапанша мен бес патрон табылып, тәркіленді.

Ұсталған әйелдің сөзінше, ол қаруды полицейлерге жолыққанға дейінбір-екі сағат бұрын тауып алған. Айтуынша, тапанша Есентай өзеніне түсетін тұстағы бетон қоршаудың үстінде жатқан.

Полиция бұл ақпараттың шындыққа сәйкестігі тексерілетінін хабарлады. 

Әйелдің әрекетіне заң аясында құқықтық баға беріледі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий