Алматыда жұмыссыздық мәселесі қозғалған пікірсайыс турнирі өтті
415
Алматы қаласында әлеуметтік жоба аясында ірі көлемдегі пікірсайыс турнирі өтті.
"Адырна" қоғамдық қоры "Жастарды әлеуметтендіру және оңалту" жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. Турнирге Алматы қаласындағы түрлі жоғары оқу орындарынан 54 өтінім түсіп, 9 дебаттық клубтан 18 фракция іріктелді.
Негізінен тақырып елдегі өзекті мәселелермен байланысты болды. Мәселен, жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық, ұлт сенімі және тағы басқа.
Американдық парламент және Линкольн Дуглас форматында өткен дебат турнирінің негізгі қарарлары алты тақырыпқа көзделді. Олар: 1) БП Қазақстанда бәскелестікті дамытудың жаңа бағдарламасын ұсынады; 2) БП қәзіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді жолын ұсынады; 3)БП саяси ақпарат ашық болу қажет деп е.; 4)БП Елдегі жұмыссыздыққа халықты кінәлі д.е.; 5)БП Президенттікке өз кандидатурасын ұсынады; 6)Қаптағы мысық.
Таңғы уақыттан кешке дейін жалғасқан турнир төрешілердің шешімі бойынша АПФ форматынан:
1 орын: Әл-Фараби фракциясы (кубок, диплом және 100 000 тг қаржылай сыйлық)
2 орын: Asar Ume фракциясы (диплом және 70 000 тг қаржылай сыйлық)
3 орын: Феникс фракциясы (диплом және 50 000 тг қаржылай сыйлық)
4 орын(үздік талпыныс): Кай Лин фракциясы (диплом және 25 000 тг қаржылай сыйлық)
ЛД форматы бойынша: ең үздік спикер - Жакен Нұрхан
үздік спикер - Еділбаев Ернар марапатталды.
Турнир жайлы үшінші орын алған Тұран университеті "Сириус" дебат клубының мүшесі Жолшыбек Жансерік:
Сонымен қатар "Алтын сапа" дебат клубының аға буыны Санжар Латифов:

"Турнир жоғарғы деңгейде өтті, ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған қарарлар өте актуалды болды, спикерлер барлық сұрақтарға толық жауап бере алды деп сенеміз. Осындай турнирлер тек пікірсайысшылар үшін ғана ақталатын дүние емес, мемлекеттік деңгейдегі сұрақтардың шешімдерін табуға мүмкіндік береді" деп пікір білдірді.
Сонымен қатар "Алтын сапа" дебат клубының аға буыны Санжар Латифов:
"Адырна орталығының ұйымдастырған пікірсайыс турнирі өте керемет деңгейде өтті. Қызықты қарарлар, әділ төрешілік және жоғары деңгейдегі ұйымдастыру турнирдің басты ерекшелектері болды. Әр университеттен келген пікірсайысшылармен тәжіриебе алмасып, достық қарым-қатынас орната алғанымыз үшін Адырнаға рахмет!" деп ойымен бөлісті.Ойын соңында "Адырна" ұоғамдық қорының президенті Арман Әубәкір:
"Мен бүгін жалындаған жастарды көрдім. Олардың ел мәселесін қозғауда білерлері көп екенін, ертеңгі мемлекетіміздің берік қамалы бола алатын жастардың бар екеніне сендім. Біріншіден, барша жеңімпаздарды әділ жеңіспен құттықтайымн. Зор табыс тілеймін! Екіншіден, осындай дебат сайыстарын ұйымдастырып тұруды алдағы уақытта тағы жоспарлайтынымызды айта кеткім келеді. Дебат - жай ғана сайысшылардың пікір қағыстыратын алаңа емес, бұл еліміздің жарқын болашағын қүратын жастардың еркін ой бөлісетін, мәселелердің ашық талқыланатын мекені" деп бөлісті ол.
Соңғы жаңалықтар
24.02.2026
19:07
Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген к...
24.02.2026
17:38
Талғардағы оқушы қызды зорлау ісі: анасы Презид...
24.02.2026
17:24
«Тым қатаң жаза»: Яна Легкодимованың өліміне кі...
24.02.2026
17:07
Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ...
24.02.2026
16:08
ҰҚК полковнигі сотталды
24.02.2026
15:02
Пәтер мен 20 миллион ұсынған: Қыз зорлады деген...