Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды
271
Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінің 16 қабатты корпусында өрт шығып, құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Politico.kz.
25 тамыз күні сағат 21.56-да құтқару қызметіне көпқабатты үйден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Белгілі болғандай, тоғызыншы қабаттағы пәтерлердің бірінде диван мен үй мүлкі өртеніп, жалын аумағы 4 шаршы метрді құраған, сондай-ақ қою түтін баспалдақ аралықтарын жылдам алып кеткен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер арнайы автосатыны жайып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жедел ұйымдастырды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт сағат 22.28-де оқшауланып, сағат 22.36-да толығымен сөндірілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
23:13
«Мұздай су толған ашық құдық»: Көкшетауда қаза ...
09.10.2026
22:15
«Луганскіге бара жатқанда ойланбады ма?»: Блоге...
09.10.2026
21:26
Яндекс сервистері неге дұрыс істемей жатыр? Ком...
09.10.2026
20:20
Ақмола облысында жер бөлу кезінде жалған анықта...
09.10.2026
19:52
Каспий табиғатын сақтау мақсатында халықаралық ...
09.10.2026
19:35
"Бетім көгермесін деп иығымды тостым". Тележүрг...