Алматылық жастар жаңа Конституция жобасын қолдады

09.02.2026 19:05 Арман Ермеков
Алматылық жастар жаңа Конституция жобасын қолдады
43

Алматы қаласының жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Әуезов ауданындағы комьюнити-орталықта қала жастарының қатысуымен интеллектуалды Meet-up өтті. Жиында Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Кездесуге Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым, Жанарбек Әшімжан, Үнзила Шапақ, сондай-ақ сарапшылар мен жас белсенділер қатысты.

Іс-шара жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы интерактивті форматта ұйымдастырылды. Жастар сұрақ қойып, өз пікірлерін жасанды интеллекттің аналитикалық қорытындыларымен салыстырды. Бағдарлама барысында конституциялық батл да өтті.

Жас ғалым Әкежан Кеңесов жаңа форматтың тиімділігіне тоқталды.

«Жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып жүргізілген түсіндіру жұмыстары жастарға конституциялық реформалардың мәнін терең әрі қолжетімді түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай алаңдар құқықтық сауаттылықты арттырып, өзекті қоғамдық мәселелерді ашық талқылауға жағдай жасайды», – деді ол.

«Qamqor» қоғамдық қорының жетекшісі Бағдат Анарбаева жобаның негізгі бағыттарын атап өтті.

«Жаңа жобада “Әділетті Қазақстан” бағдары мен “Заң және тәртіп” қағидаты айқын көрініс тапқан. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы бекітіліп, бұл заңдылықты нығайтуға және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған», – деді қор басшысы.

Алматы қаласының волонтёрлер фронт-офисінің жетекшісі Қымбат Нұрдәулет еріктілер қызметіне қатысты өзгерістер жайлы сөз қозғады.

«Кез келген өзгеріс дұрыс түсіндіріліп, тиімді жүзеге асырылған жағдайда ғана оң нәтиже береді. Жаңа Конституцияда волонтёрлік пен қайырымдылық қорлары саласына қатысты өзгерістер ұсынылып отыр, бұл волонтёрлік қызметті ынталандыруға бағытталған. Бүгін мұнда Алматыдағы жастар ұйымдарының көшбасшылары мен басшылары жиналды, ал алматылық жастардың пікірі салмақты және міндетті түрде нәтижесін береді деп ойлаймын», – деді Қымбат Нұрдәулет.

Жас кәсіпкер Ақарыс Төребеков іс-шараның форматы жастардың сұранысына сай екенін жеткізді.

«Бүгінде жасанды интеллект жастардың өмірінде — оқуда, тұрмыста, күнделікті шешімдер қабылдауда — ерекше орын алады. Бізде қатысушының сұрағы, қатысушының пікірі және жасанды интеллекттің пікірі бар. Жастар не дейді, ЖИ не айтады және іс-шара қонақтары қандай қорытынды шешімге келеді — соны көру қызық. Жастар көзқарасы арқылы қалыптасқан ортақ пікір - құнды», – деді кәсіпкер.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым азаматтардан Конституция жобасы бойынша төрт мыңнан астам ұсыныс түскенін хабарлады.

«Бүгінде жасанды интеллект жастардың өмірінде — оқуда, тұрмыста, күнделікті шешімдер қабылдауда — ерекше орын алады. Бізде қатысушының сұрағы, қатысушының пікірі және жасанды интеллекттің пікірі бар. Жастар не дейді, ЖИ не айтады және іс-шара қонақтары қандай қорытынды шешімге келеді — соны көру қызық. Жастар көзқарасы арқылы қалыптасқан ортақ пікір - құнды», – деді депутат.

Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдады. Комиссия мүшелері жастардың белсенділігін және конституциялық бастамалардың мәнін терең түсінгенін атап өтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий