"Алтынбекті де, Мейрамбекті де танымаймын": Сандуғаш Стамғазиева ел алдында жан сырын ақтарды

2000 жылдар басында хит болған “Қоштасудың қиын-ай” әнінің орындаушысы Сандуғаш Стамғазиева ел алдына шықты.
Өнер иесі сахнадан не себепті көрінбей кеткенін “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтып берді.
“Қазір айтсам, ел күледі. Мен ол кезде Алтынбек Қоразбаевты да Мейрамбек Беспаевты да танымаймын. Алтынбектің ұлты орыс екен деп ойладым. Бүгінде Мейрамбекпен қоян-қолтық араласамыз деп айта алмаймын. Жеке әншілігі мен “Музарт” тобы бар. Алтынбек – екі қызымның әкесі. “Қоштасудың қиын-ай” әнін Мейрамбектен кейін ешкіммен орындамадым. Өмірім 180 градусқа өзгереді деп ойлаған жоқпын. Бірақ дүниеге бала алып келгеннен кейін балаға жақсы тәрбие беру керек, үйде отыру керек. Екі қыз бала менде, ұл бала болса бір жөн. Қыз балаға жақсылап қарау керек. Қыздарым жиі ауыратын, сосын үйде отыруға тура келді", – деді әнші.
Қазіргі таңда өнер иесі қыздарының жасы 20-да және 18-де екенін айтты. Екеуі өнерден алыс емес, екі қызы да ән айтатын көрінеді.
“Ол кезде Мейрамбек екеуімізді тойға жиі шақыратын. Тіпті, көп тойға бармай қалған кезіміз де болған. Сол тойдың арқасында жағдайымыз дұрысталды. Халықтың арқасында жағдайымызды жасап алдық. Екі жылда үй алдым. Алматының өзім жақсы көретін ауданынан баспаналы болдым. Өсіп-өніп жатырмыз. Қыздарым да өнерге жақын. Екеуінің де дауыстары керемет. Қанында бар дүние болғасын, жарыққа шығарып жүр”, – деді өнер өкілі.
Ақпарат Stan.kz сайтынан алынды.
Соңғы жаңалықтар





