Аналарға 700 мың теңгеден берілмек

Аналарға 700 мың теңгеден берілмек
04.04.2025 13:28
0
296
pixabay

Қытайда жас босанған аналарға қомақты ақша беріп, тегін сүт таратылатын болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ  Aqmeshit.kz сайтына сілтеме жасап.

Zhōngguó Wǎng мемлекеттік порталының мәліметінше, Ішкі Моңғолиядағы Хух-Хото билігі бала туу көрсеткішін көтеріп, аналарға қаржылай көмек пен тегін сүт беру туралы шешім қабылдаған.

Хух-Хотода жас ата-анаға тұңғыш баласы үшін 10 мың юань (шамамен 688 мың теңге) көлемінде бірреттік төлем жүргізіледі. Ал екінші балаға ол бес жасқа толғанға дейін жылына 10 мың юань берілсе, үшінші бала үшін – 10 жасқа дейін осы мөлшерде ақша төленеді. Бұл сома жергілікті тұрғындардың орташа табысынан біршама жоғары.

Одан бөлек, "Аналар үшін бір стақан сүт" бағдарламасы іске қосылған. 1 наурыздан кейін босанған әйелдер күн сайын тегін сүт ала алады.
Қытайда үшінші жыл қатарынан халық санының төмендеуі анықталып отыр.

2024 жылы неке саны 20%-ға қысқарған. Сарапшылар демографиялық дағдарыстың шешімін үш балаға дейін тууға рұқсат беру арқылы шешу қажет деп отыр. Алайда ол да әзірге жеткіліксіз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий