Анасы мен әжесі төрт баланы әкесіне бермеу үшін улап өлтірді

05.08.2026 12:17 Мөлдір ҚАЙНАР
Анасы мен әжесі төрт баланы әкесіне бермеу үшін улап өлтірді
159
Фото: The U.S. Sun

АҚШ-та анасы мен әжесі сот шешімімен жазғы демалыста әкесінің қасына баратын төрт баланы өз қолдарымен өлтірді, деп хабарлайды Politico.kz.

​Қайғылы оқиғаның құрбандары – 13 жастағы Харпер, 11 жастағы Хадсон және 10 жастағы егіздер Гэвин мен Грейслинн. Балалардың шіри бастаған денелері әжесінің пәтерінен табылған.

​Тергеу мәліметінше, екі әйел алдымен балаларға у берген. Алайда удың әсері баяу болғандықтан, күдіктілер өлімді тездететін басқа да тәсілдерді іздестіре бастаған. Олардың ғаламтордағы іздеу тарихынан дені сау адамға инсулиннің қалай әсер ететіні және пышақты қай жерден сұқса бірден өлетіні туралы ақпаратты іздегені анықталды.

​Уланған кезде қыздардың кішісі Грейслинн ішінің қатты ауырғанын айтып шағымданған. Бірақ әйелдер ағзаны тазартуға мүмкіндік бермей, балаларды дәретханаға жібермей қойған. Ал егіздің сыңары Гэвин уланудан аман қалғандай көрінгенде, оны пышақтап өлтірген.

​Бұған дейін қамқоршылық органдарының мамандары бұл отбасына бірнеше рет барып, балаларға дұрыс күтім жасалмағанын тіркеген. Соған қарамастан, анасы бұған дейін ата-аналық құқығынан айырылмаған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий