Әнші Айдар Тұрғамбек әйелдерге 7 бала тууға кеңес берді

17.03.2025 • 15:37 Берік Арманов
Әнші Айдар Тұрғамбек әйелдерге 7 бала тууға кеңес берді
986
видео скриншот

“Жігіттер” квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбектің көпбалалы болуға қатысты ойы сынға қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесінің сөзінше, қазақ әйелдері алаңсыз көп бала туып, уайымсыз өмір сүруі керек екен.

“Кең байтақ жерді қазақтан толтыру керек. Көп жастар отбасын құрып, 2-3 баламен шектеліп қалып жатыр. Асыраудан қорқып, жағдай жасап алсақ, осылардың өзін жеткізіп алсақ деп отыр. Уайымдамай, көбейіңдер! Кейін рахатын көресіңдер! Әр отбасында кемінде 7-8 баладан болу керек. Бұл маған да қатысты. Әйелдерге ойланбай, уайымдамай, алаңсыз өмірге көп-көптен бала әкелуге еркектер жағдай жасауымыз керек.”, – деп жазды әнші.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий