АҚШ Қазақстандағы "дезинформациямен күреске" 4,5 млн доллар жұмысаған

06.02.2025 • 10:03 Абзал БАХЫТЖАНОВ
АҚШ Қазақстандағы
791
Бейнеден кадр
АҚШ Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздікке 4,5 млн доллар бөлді

АҚШ президенті Дональд Трамптың баспасөз хатшысы Каролин Левитт Байден әкімшілігін Қазақстанда дезинформациямен күреске 4,5 миллион доллар жұмсағаны үшін сынға алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ақ үйде өткен брифингте Левитт Байден әкімшілігінің жұмсаған қаражатын ашық жариялап, оны "ақылға қонымсыз" деп атады. Оның айтуынша, Байден әкімшілігі Қазақстанда дезинформациямен күреске 4,5 миллион доллар, Иракта жаңа "Сезам көшесі" шоуын жасауға 20 миллион доллар, ал Мысырда туризмді қаржыландыруға 6 миллион доллар бөлген.

"Қазақстандағы дезинформациямен нақты қандай күрес жүргізілгені белгісіз. Ақ үй бұл мәселені түсіндірген жоқ," — деді Левитт.

Сонымен қатар, Левитт Байден әкімшілігін Гватемалада жыныс ауыстыру бағдарламасына 2 миллион доллар жұмсағаны үшін де сынға алды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий