Ақтауда шулы видеоның таралуы: 7 жылға дейін жаза қарастырылған

22.04.2026 12:43 Мөлдір Қайнар
Ақтауда шулы видеоның таралуы: 7 жылға дейін жаза қарастырылған
468
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда «Хан тамада» атымен танымал жүргізушіге қатысты интимдік видеоның таралуы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады,деп хабарлайды Politico.kz.

Newtimes.kz мәліметінше, заңгер Қайрат Смағұлов бұл жағдай Қазақстан заңнамасына сәйкес жеке өмірге қол сұқпау құқығын бұзу болып саналатынын атап өтті. Аталған іс Қылмыстық кодекстің 147-бабы («Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу») бойынша қарастырылуда.

Сарапшының айтуынша, жауапкершілік тек видеоны жариялағандарға ғана емес, сондай-ақ жеке хат-хабарларды, фотосуреттерді, скриншоттарды және өзге де құпия мәліметтерді рұқсатсыз таратқан тұлғаларға да жүктеледі. Сонымен қатар, бөтен адамның телефонына заңсыз қол жеткізу, материалдарды көшіру және үшінші тұлғаларға беру де құқық бұзушылық болып есептеледі.

Алдын ала мәлімет бойынша, видеоның таралуына қатысы бар күдікті ұсталған. БАҚ дерегінше, ол – кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, аталған видео тек жеке қолдануға арналған және телефонның жабық бөлімінде сақталған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай әрекеттер үшін ірі көлемде айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий