Ақтауда өгей әке балаларды ұрып-соғып, құрылыста жұмыс істеуге мәжбүрлеген

Ақтауда өгей әке балаларды ұрып-соғып, құрылыста жұмыс істеуге мәжбүрлеген
21.08.2025 08:47
0
350
Сурет: Бейнеден кадр

АҚТАУ ТҰРҒЫНЫ ӨГЕЙ ӘКЕНІҢ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫГЕЗДІГІН ЖАРИЯ ЕТТІ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO.KZ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛЫ.

Ақтау тұрғыны Тұрал Латифов бұрынғы әйелімен бірге тұратын ер адамның балаларға қатыгездік көрсеткенін айтып, дабыл қақты. Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін Маңғыстау облысының полициясы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тұрал Латифов жариялаған видеода оның 6 жасар қызы өгей әкесінен сабақты дұрыс орындамағаны үшін бетінен ұрып, сабақ кезінде ұйықтап қалса, басын суы бар шелекке малып алғанын ашық айтады. Латифовтың бұрынғы некесінен 6 және 9 жастағы екі қызы бар.

Ұрып соғу әйелдің бірінші некесінен туған 16 жастағы ұлына да көрсетілген. Жасөспірім үйінен қашып кетіп, өгей әкесінің оны құрылыста жұмыс істеуге мәжбүрлегенін, үнемі қорлап, ұрып-соққанын жеткізген. Қазіргі уақытта ол әпкесінің үйінде тұрып жатыр.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша іс қозғалғанын растап, тергеу барысының департамент басшылығының жеке бақылауына алынғанын мәлімдеді. Қорғаншылық органдарының шешімімен екі кішкентай қыз уақытша өз әкесі Тұрал Латифовпен бірге тұратын болды.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий