Ақтөбе облысында жантүршігерлік апат болды
Самара - Шымкент тасжолындағы сұмдық апат
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Самара — Шымкент тасжолында болған. Полиция мәліметінше, 39 жастағы Ақтөбе тұрғыны Қобда ауылынан облыс орталығына қарай келе жатқан. Алайда ол көлікті басқара алмай қалған.Салдарынан Toyota маркалы автокөлік жол бойындағы темір қоршауға соғылған. Әлеуметтік желілерде тараған фотоларға қарағанда, металл қоршау көліктің жүргізуші жағынан кіріп, салонды тесіп өткен.Апат кезінде жүргізуші көлікте жалғыз болған.
Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және рөлде аса мұқият болуға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...