Ақтөбеде самосвал жол бойындағы аркаға соғылды

Ақтөбеде самосвал жол бойындағы аркаға соғылды
Ақтөбеде жүріп бара жатқан самосвал аркаға соғылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бүгін, 5 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Едіге батыр көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. Шанағы көтерілген күйде келе жатқан самосвал жол үстіндегі аркаға соғылды. Оқиға салдарынан аталған көшеде көлік қозғалысы қиындап, кептеліс пайда болды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Сурет: instagram.com/aqtobe_sergek

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу