Ақтөбедегі шулы оқиғадан соң: мектептерге гинекологтарды кіргізу мәселесі көтерілді

Ақтөбедегі шулы оқиғадан соң: мектептерге гинекологтарды кіргізу мәселесі көтерілді
15.10.2025 16:03
0
99
фото: ашық дереккөз

Қазақстан мектептерінде жоғары сынып оқушылары үшін гинеколог қабылдауы енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Астана. 15 қазан. Қазақстан мектептерінде жоғары сынып оқушылары үшін акушер-гинекологтардың кеңес беруі енгізілуі мүмкін. Бұл мәселені қазір Денсаулық сақтау министрлігі қарастыруда.

Бұл бастамаға Ақтөбе облысындағы оқушы қызға қатысты шулы оқиға түрткі болып отыр. Ведомство бұл жағдайдан кейін алдын алу шараларын күшейтуді көздеп отыр.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің мәлімдеуінше, министрлік бұл мәселені жан-жақты зерделемек.

«Біз қазір жоғары сыныптарда гинекологтардың, акушер-гинекологтардың тексеруін қарастыратын боламыз. Мүмкін, енгізетін де шығармыз», – деді Сұлтанғазиев.

Алайда, вице-министр бұл шараның Ақтөбедегі оқиғамен тікелей байланысы жоқ екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 13 қазанда Ақтөбе облысында тоғызыншы сынып оқушысы босанған болатын. Белгілі болғандай, 14 жастағы мектеп оқушысы медициналық мекемеге үш рет қаралғанымен және жоспарлы тексеруден өткенімен, дәрігерлер оның жүктілігін байқамаған. Себебі, оның ешқандай шағымы болмаған. Осы дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, баланың болжамды әкесі анықталып, қамауға алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий