«Арамыз жаман емес»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасына қатысты ойын айтты

19.12.2025 11:40 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Арамыз жаман емес»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасына қатысты ойын айтты
0
46
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Сырым Исабаев

Әнші Сырым Исабаев Zibek joly телеарнасының «Бүгін.Live» бағдарламасына қатысып, Қайрат Нұртаспен арадағы байланысы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иесінің айтуынша, олар тығыз араласып жүрген жандар болмаса да, ара-қатынастары қалыпты.

«Тығыз байланыстамыз деп айта алмаймын. Бірақ арамыз жаман емес. Соңғы уақытта осы тақырыпта бірнеше сұхбат бердім. Кейде жауап бергенде: менің сөзім ол кісілерге қалай әсер етіп жатыр екен деп іштей ойланамын. Жалпы, барынша әріптестерімнің жақсылығын асырып, кемшілігін жасыруға тырысамын. Біреу туралы қате пікір айтып қойсам, ренжіп қалар ма деп те ойлайсың», – деді Сырым Исабаев.

Әншінің бұл сабырлы әрі байыпты жауабы желі қолданушыларының да назарынан тыс қалмады. Көпшілік оның ұстамдылығы мен кәсіби этикасын жоғары бағалады.
 

«Сырым – өте тәрбиелі, мәдениетті әнші»«Өз жолымен жүріп келе жатқан мықты өнерпаз»«Журналистер неге үнемі осы сұрақты қайта-қайта қоя береді?»«Әркімнің өз орны, өз тыңдарманы бар ғой» деп жазды оқырмандар.

Сондай-ақ желіде Сырым Исабаевтың дауысы мен өнеріне қатысты жылы лебіздер көптеп айтылып, оған шығармашылық табыс тілегендер де аз болмады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий