«Артық шығын жасамай қосылдық»: жастар аста-төк тойдан бас тартып жатыр

Жас келін Айдана Қожанова өзінің басынан өткен оқиғасымен бөлісіп, көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Айтуынша, тұрмысқа шыққанда қарапайым той жасаған. Ослайша жастар арасуында жаңа тренд пайда болды. Олар дүркіреген аста-төк тойдан жаппай бас тарта бастаған.
«Біз өте қарапайым той жасап үйлендік. Менде үлкен ұзату той болмады. Күйеуім 3 адам болып келді, ал біз 8 адам болдық. Кішігірім сырға салу болды», - деп жазды жас келін.
Айтуынша, тіптен қалың мал, мәһір дегендер де болмаған. Оңтүстіктің қызы болса да, ол ата-анасын, туыстарын көндірген.
«Ешқандай қалың мал, жасау, киіт сияқты шығындар болған жоқ. Өзім қайнап тұрған салт-дәстүр ұстайтын Оңтүстіктің тумасымын,ештеңеге қарамай ата-анамызға өзіміздің қалауды жасаттық. Күйеуім үйінде 40-50 адамға беташар-той есебінде өткізіп құтылдық. Ешқандай дүркіреген үлкен той болған жоқ. Артық шығын жасамай қосылдық, есесіне үйлі болдық», - дейді Айдана.
Оның бұл жазбасын желі қолданушылары қолдай кетті.
«Өте дұрыс, өз ойы бар жастар көбейгені қуантады. Артық кредит, киітке бола ұрыс-керіс те жоқ. Бақытты болыңдар. Мұндай жастар жақсы тұрады деп сенемін», «Мен де осыны қолдаймын,қазақ беталды шашылудан әлемде бірінші орында ғой», «Артық шығын не керегі бар есесіне үйлі болдыңыздар», - деп жарыса жазды оқырмандар.
Соңғы жаңалықтар





