“Аса қатыгездікпен жасалған”: Қарабалиндер отбасы ісінде сұмдық жайттар белгілі болды

22.04.2026 22:28 Қарақат АСЫЛОВА
“Аса қатыгездікпен жасалған”: Қарабалиндер отбасы ісінде сұмдық жайттар белгілі болды
468
Ашық дереккөздерден
Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты іс бойынша тың деректер айтылды

Атырау облысында бір отбасының қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Облыстық прокуратура өкілдерінің мәліметінше, тергеу барысында оқиғаның аса қатыгездікпен жасалғаны анықталған. Сараптама қорытындысы марқұмдардың денесінде бірнеше ауыр жарақат болғанын көрсеткен.

«Тергеу барысында күдіктінің Қарабалиндер отбасын аса айуандықпен жайратып салғаны белгілі болған. Сараптамада марқұмдардың әрқайсысының денесінде бірнеше жерден кесілген және тесілген жарақаттар анықталыпты», – дейді телеарна тілшісі.

Сараптама нәтижелері бойынша, дәл осы ауыр пышақ соққылары олардың өліміне себеп болған.

Сонымен қатар, марқұмдардың бір қызына қатысты жүргізілген психологиялық және психиатриялық сараптама әзірге нақты қорытынды бермеген. Осыған байланысты қосымша тексеру Алматы қаласында қайта жүргізілмек.

Ал күдіктіге жасалған сараптама оның психикалық жағдайы қалыпты екенін, өз әрекетіне толық жауап бере алатынын анықтаған.

Тергеу материалдарына сәйкес, отбасы мүшелерінің қаза табу уақыты әртүрлі кезеңдерде тіркелген: бір бөлігі көктемде, қалғандары күз айларында көз жұмған.

Құзырлы органдар бұл іске үшінші тұлғалардың қатысы анықталмағанын мәлімдеді. Қайғылы оқиға күдікті мен жәбірленушілер оңаша қалған сәтте болған.

Марқұмдардың туыстары істі ашық сотта қарауды талап етіп отыр. Олар тергеудің әділ өтуін және барлық мән-жайдың толық анықталуын сұрайды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий