Асхат Аймағамбетов жоғарыға "жалған" есеп берген бе?
Білім ордалары Президенттің тікелей тапсырмасын орындауда көзбояушылық жасағаны әшкереленіп отыр.
Кейінгі жылдары балаларды білім беру ұйымдарында зорлау, тонау, ұрып-соғу, буллинг пен әлімжеттік оқиғалары көбейіп кетті. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық мектептер мен балабақшаларды 100% видеобақылаумен жабдықтауды тапсырды.
Балалардың құқығын қорғау – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Соңғы жылдары балалар, жасөспірімдер арасында суицид жиілеп кетті. Балаларға зорлық-зомбылық жасау, қорлау, буллинг те еш тыйылатын емес", – деген Мемлекет басшысы видеобақылау жүйелерімен 100% қамтуды 2020 жылы аяқтауды жүктеді.
Араға киліккен пандемия бұған мүмкіндік бермеді. Сондықтан Президентке артынша бұл тапсырмасын қайталап тапсыруға тура келді. 2021 жылғы 15 наурызда өткен Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Асхат Аймағамбетов Президент тапсырмасының толық орындалғанын баяндады.
"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін балабақшалардың 100%-ы бейнебақылаумен қамтамасыз етілді. Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу аяқталды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірде мектептер бейнебақылау жүйесімен 100%, жылы әжетханалармен 99% қамтамасыз етілді", –деп жариялады білім министрі Асхат Аймағамбетов.Осымен бұл мәселе жылы жабылған. Алайда былтырғы 2023 жылдың соңына қарай, 5 қазанда өткен Республикалық педагогтер съезіне қатысқан Мемлекет басшысы бейнебақылау мәселесін тосыннан қайта көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев "мектепті ең қауіпсіз орынға айналдырудың, білім ошақтарының бәріне дабыл қағу, бейнебақылау жүйесін орнатудың маңызды екенін тағы да еске салды". Оның мәнісі енді белгілі болып отыр. Білім беру ұйымдарына жүргізілген тексерістер "бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылды" деген есептердің көзбояу екенін әшкерелепті. Оның үстіне ата-аналар да, мектеп инспекторлары да мектептердегі бейнекамераларға қатысты шағым айтып жүр. Оған камералардың істемей тұратыны, істегеннің өзінде тек бейнекөріністі түсіріп, дыбысты жазбайтыны, видеоларының бұлдыр, анық болмайтыны және басқа да мәселелер себепкер болған. Мәселен, кейбір мектепте бейнекамералар түсірген видеолардың күңгірт, көмескі, буалдыр болатыны сонша, ондағы персонаждардың балалар әлде ересектер екенін байқап, айыру қиынға түседі екен. Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ашықтық танытып, тексерістер қорытындысын жұртшылыққа жариялауға ұйғарды. Комитеттің мәліметінше, бүгінде барлық мемлекеттік білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Алайда Ішкі істер министрлігінің бақылау камераларының техникалық сәйкестігіне жүргізген тексерісі келеңсіз жайтты анықтады. 2023 жылғы қыркүйек-қараша айларында білім беру ұйымдарында орнатылған 339 628 бейнебақылау камерасы тексерілді. Оның 124 236-сы – балабақшаларда, 188 447-сі – мектептерде, 26 945-і колледждерде жұмыс істеп тұр. Бірақ бұлардың азшылық бөлігі, 119 295-і ғана заманауи цифрлық форматтағы бақылау жүйесі болып шықты. Басым көпшілігі – 220 333-і ескі, аналогтық бейнекамералар екені әшкереленді. Балалардың қауіпсіздігін шын мәнінде қамтамасыз ету үшін емес, жоғарыға көркем көрсеткіш пен әдемі есеп беру үшін мұндай қулыққа бару – барлық өңірде жаппай белең алған. Астанада білім беру ұйымдарындағы 15 766 камераның небары 2 252-сі – цифрлық, басым көпшілігі, 13 514-і – аналогтық. Алматы қаласында 10 830 камераның тек 2 265-сі – цифрлық, 8 565-і – аналогтық; Шымкент қаласында 8 530 камераның 1 684-і ғана – цифрлық, 6 846-сы – аналогтық; Абай облысында айналдырған 1 950 бейнекамераның 369-ы ғана – цифрлық, қалған 1 581-і – аналогтық; Ақмола облысында 4 424 камераның 664-і – цифрлық, 3 760-ы – аналогтық; Ақтөбе облысында 4 756 камераның 225-і – цифрлық, 4 531-і – аналогтық; Алматы облысында 15 641 камераның 1 056-сы – цифрлық, 14 585-і – аналогтық; Атырау облысында 6 970 камераның 341-і – цифрлық, 6 629-ы – аналогтық; ШҚО-да 3 943 камераның цифрлығы – 384, аналогтығы – 3 559; Жамбыл облысында 7 246 камераның цифрлығы – 2 229, аналогтығы – 5 017; Жетісу облысында 4 408 камераның цифрлығы – 1 741, аналогтығы – 2 667; БҚО-да 2 734 камераның цифрлығы – 664, аналогтығы – 2 428; Қарағанды облысында 9 302 камераның цифрлығы – 2 434, аналогтық форматтағысы – 6 868; Қостанай облысында 3 108 камераның цифрлығы – 1 371, аналогтығы – 1 737; Қызылорда облысында 6 908 камераның цифрлығы – 1 745, аналогтығы – 5 163; Маңғыстау облысында 7 506 камераның цифрлығы – 6 291, аналогтығы – 1 215; Павлодар облысында 5 147 бейнекамераның цифрлығы – 1 518, аналогтығы – 3 629; СҚО-да 1 892 камераның цифрлығы – 835, аналогтығы – 1 057; Түркістан облысының білім ордаларында қойылған 2 440 камераның тек 561-і – цифрлық, қалған 1 879-ы – аналогтық болып отыр. Бейнебақылау камераларын орнатумен айналысатын маман Геннадий Куприннің түсіндіруінше, аналогтық бейнебақылау камераларын орнату қылмыс саналмайды. Бірақ қылмыс бола қалса, олар оны ашуға кедергі келтіруі мүмкін.
"Мұнда жемқорлық көрінісінің бар-жоқтығын құзырлы органдар анықтауы керек. Дегенмен, аналогтық камералардың төмен бағасы басшылыққа алынуы мүмкін. Мәселен, қытайлық Dahua компаниясының аналогтың бейнекамераларын орта есеппен 6 мың теңгеден табуға болады. Одан да төмен бағаны ұсынатындар табылады. Цифрлық бейнекамералардың бағасы одан он еседей қымбат тұрады. Бұл жерде әр мектеп жеке ІР-камераны ғана сатып алмайтыны белгілі. Егер цифрлық форматтағы дайын, кешенді бейнебақылау жүйесін орнатқызса, оның құны миллионға кетеді. Ал аналогтық камераларға құрылған бейнебақылау жүйесі әлдеқайда арзанға түседі", – деді сарапшы.Ол қос жүйе бірінші кезекте, видео ағынын беру тәсілімен ерекшеленетінін қаперге салды. Цифрлық ІР-камералар видеодеректерді алдымен цифрлық ағынға айналдырады, содан кейін веб-серверге жолдайды. Аналогтық камералар электромагнитті импульстер арқылы көріністі бірден экранға береді. Салдарынан картинаның айқындылығы, жарқындығы, контрасті және басқа сапалы көрсеткіштері нашарлайды.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2024
09:27
Полиция Шерзат Полаттың үйін өртеген адамдарды ...
12.12.2024
09:10
2025 Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен т...
11.12.2024
21:21
Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кет...
11.12.2024
20:19
Марқұм Нұрқанат туралы тың деректер шықты
11.12.2024
19:48
Жаңа адамдар Бағлан Әбдірайымовқа өзімен жұмыс ...
11.12.2024
19:40
АШМ-нің субсидияларға жүргізілген аудит қорытын...