Әскерден мүгедек болып оралған Ербаянның соңғы суреті көпшілікті қуантып қойды

Әскерден мүгедек болып оралған Ербаянның соңғы суреті көпшілікті қуантып қойды
04.09.2025 13:04
0
294
әлеуметтік желі

Қыркүйек айының басында әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхтар Түркиядағы нейромодуляторлық ем жүргізу және пациенттің соматикалық мәртебесін сақтау үшін Medipol Global клиникасына аттанған еді. 

Ербаянның әлеуемттік желідегі парақшасында жеке массажисті Ұлпан Советбекқызы былай жазды:

Бүгін түнде Ербаян коронопластикадан кейінгі тексеруден өту үшін және толыққанды оңалту бағдарламасына қатысу үшін Стамбулға жолға шығады.Операциядан кейінгі 8,5 ай бойы біз бірге қалпына келу жолында еңбек еттік. Әр қадамымыз алға жылжу болды. Қуанышымызға орай, бүгін біз алғашқы нәтижелерді көріп отырмыз. Бірақ алда әлі ұзақ жол бар. Өйткені оңалту әркімде әртүрлі өтеді: біреуге бір ай жеткілікті болса, енді біреуге жылдар қажет болады. Бірақ ең бастысы — толық қалпына келу.Мен ерекше толқумен жүргізілген оңалтудың бағасын күтіп отырмын және бәрі ойдағыдай өтетініне сенемін.Ербаян, мен сені елде асыға күтемін. Біз міндетті түрде жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз.Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін үлкен алғыс айтамын. Әр пікірлеріңізді, жылы сөздеріңізді оқып отырмыз. Бұл бізге алға жүруге күш береді, деді ол.

Ербаян Мұхтардың суретінің астына көпшілік жылы лебіздерін білдіріп, оның ет жинап келе жатқанына қуанды. 

"Тіл-көзден сақтасын, жақсарып қалыпты", "Ербаян сен мықтысң", "Кәдімгідей көп өзгеріс бар, суретін көріп қуанып қалдым" деп жазып жатыр жұртшылық.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий