Астанада 9 жастағы қызға тиіскен Өзбекстан азаматына сот үкімі шықты

07.02.2026 14:10 Қарақат АСЫЛОВА
Астанада 9 жастағы қызға тиіскен Өзбекстан азаматына сот үкімі шықты
167
Фото: Вечерний Алматы
Шетелдікке қамау емес, тек қана қоғамдық жұмыс берілді

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипатта тиісу дерегі бойынша шетел азаматына қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Politico.kz сайты “Kozachkov offside” Telegram каналына сілтемемен.

Сот материалдарына сәйкес, Өзбекстан тумасы Ахмаджон Кузибаев өткен жылдың тамыз айында танысының жатақханада орналасқан үйіне келген. Әйел жұмысқа кетіп қалғаннан кейін, ер адам пәтерде қалған балаларға орынсыз әрекет жасаған.

Балалар бұл жағдайды бірден сырттағы ересектерге хабарлаған. Оқиға туралы полицияға мәлімделіп, күдікті көп ұзамай ұсталды.

Алайда сот оның әрекетін қылмыстық теріс қылық деп танып, қамауға алу жазасын қолданбады. ҚР Қылмыстық кодексінің 121-1-бабына сәйкес, сот Ахмаджон Кузибаевты 200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды.

Судья Данияр Жұнусов жәбірленуші тараптың 50 тәулікке қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырмады. Себебі бұл жаза түрі аталған бап бойынша 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылмайды.

Сонымен қатар сотталған азаматқа жәбірленуші қызға және оның отбасына жақындауға тыйым салынды. Ал оның елден шығарылатыны немесе шығарылмайтыны әзірге белгісіз.Үкім заңды күшіне енген жоқ және қоғамда бірқатар сұрақ тудырып отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий