Астанада Дариға Назарбаеваның зәулім үйінің орнына жаңа тұрғын үй кешені салынбақ

Астанадағы Дариға Назарбаеваның бұрынғы зәулім үйінің орнына жаңа тұрғын үй кешені салынады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Астана жағалауындағы бұрын Дариға Назарбаеваға тиесілі болған зәулім үйдің орнында құрылыс жұмыстары басталды. Ғимарат толығымен сүріліп, орнына жаңа тұрғын үй кешені бой көтермек.
Бұл өзгерістің қала тұрғындары үшін маңызы зор. Себебі бұған дейін су жағасында орналасқан үйдің аумағы жаяу жүргіншілер үшін жабық болған. Жағалаумен серуендеуге шыққан адамдар сол жерді айналып өтуге мәжбүр еді. Енді ғимарат сүрілгеннен кейін жағалау аймағы толығымен ашылып, көпшілікке қолжетімді болады.
Бұрынғы зәулім үйдің орнына салынатын жаңа тұрғын үй кешені алдын ала мәліметтер бойынша "Swiss Collection" деп аталуы мүмкін. Желіде тараған бейнероликке сәйкес, бұл жоба премиум класстағы элиталық кешен ретінде таныстырылуда. Пәтер бағасының өте жоғары, жүздеген миллион теңгеге жетуі ықтимал екені айтылады.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында жұмыстар жүріп жатыр. Жобаның сәулеттік ерекшеліктері мен нақты аяқталу мерзімі туралы толық ақпарат әлі жарияланған жоқ. Дегенмен, бұрынғы ғимараттың сүріліп, жағалаудың халыққа ашылуы қала тұрғындары үшін оң жаңалық болып отыр.
Соңғы жаңалықтар





