Астанада Мемлекеттік айыптаушылардың екінші форумы басталды

27.09.2024
12:15
0
245
Бас прокуратурада Мемлекеттік айыптаушылардың екінші республикалық форумы өтті.
Президент көмекшісі Е.Н. Жиенбаев, Конституциялық соттың төрағасы Э.Ә. Азимова және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Е. Ластаев құттықтау сөз сөйледі.
Жұмысқа Жоғарғы және Конституциялық соттардың, Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері, Парламент депутаттары, көрнекті заңгер ғалымдар мен өңірлік прокуратуралардың қызметкерлері де қатысты.
Форумды аша отырып, Бас прокурор Берік Асылов мемлекет басшысының 2022 жылғы наурызда Қазақстан халқына Жолдауында Әділетті Казақстанды қалыптастыруда негізгі қадамдардың бірі саналатын сот төрелігін іске асыруға азаматтық қатысуды кеңейтуді тапсырғанын атап өтті.

Бүгінде Қылмыстық кодекстің 40-тан аса бабы алқабилер сотында қаралатын ауыр және аса ауыр қылмыстар құрамдарын қамтиды. Жалпы, елімізде алқабилер соты институты 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Оған азаматтардың сенімі жыл сайын артып келеді», - деп атап өтті Бас прокурор.Осы орайда прокурорлар мен адвокаттардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Олардың сауатты және белсенді қатысуы тараптардың жарыспалылығын арттыруға және заңдылықты нығайтуға ықпал етуі керек. Сонымен қатар қадағалау ведомствосының басшысы прокурорларды кәсіби даярлаудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік айыптаушыларды алдын ала дайындау керектігін баса айтты. Сондықтан ол салалық қызмет пен Құқық қорғау органдары академиясына өз жұмысын тыңдаушыларға шешендік өнер мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын үйретуге бағыттауды тапсырды. Сондай-ақ форумда алқабилер сотын дамыту перспективалары, алқабилердің жеке деректерінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету, олардың қылмыстық процестегі рөлін нығайту және тағы басқа мәселелер талқыланды. Судьялар, адвокаттар, практик-заңгерлер мен прокурорлар алқабилер институтын дамыту, қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығын арттыру мәселелері және басқа да өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады. Форумның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қатысушылар алқабилер сотын дамытудың көтерілген мәселелерін шешу және сотта мемлекеттік айыптау сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірледі.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

15.07.2025
19:15
Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртастың қызын жұмысқа ...

15.07.2025
18:36
Қателік жасауыма жол бермеді – Жұлдыз Әбдікәрім...

15.07.2025
18:34
Ақмола облысында депутат үйін тонатып алды

15.07.2025
17:45
Әнші Айдар Тұрғанбек Смановпен кездескені үшін ...

15.07.2025
17:02
Марғұлан Сейсембай танымал трендті қайталады

15.07.2025
16:57
Руслан Өтепбай ел естімеген қуанышты жаңалығын ...