Астанада қанша бала бірінші сыныпқа барды?

Астанада қанша бала бірінші сыныпқа барды?
01.09.2025 10:49
0
161
Сурет: Астана әкімдігі

2025–2026 жаңа оқу жылында елордадағы жалпы білім беретін мектептердің алғашқы сыныптарына 31 мың оқушы қабылданды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Білім күні аясында Астанада 28 мың орынға арналған жеті жаңа мектеп ашылды. Олар екі ауысыммен жұмыс істеп, оқушыларды заманауи кабинеттермен, зертханалармен және спорт залдарымен қамтамасыз етеді. Бұл нысандар «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Жыл соңына дейін тағы 15 мектепті іске қосу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда елордада 206 мектеп жұмыс істейді: оның 122-сі мемлекеттік, 77-сі жеке және 7-еуі республикалық деңгейдегі білім ордалары. Жалпы оқушы саны 310 мыңнан асады.

2025–2027 жылдарға арналған білім беру жүйесін жаңғырту жоспары бойынша 22 мектепке жөндеу жүргізіледі. Биылдың өзінде алты оқу орнына күрделі жөндеу жасалды.

Айта кетейік, өткен оқу жылында елордада рекордтық көлемде 24 мектеп пайдалануға берілген болатын. Олар 66 мың оқушы орнын қамтып, оның 16-сы «Комфортты мектеп» санатына кірді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий