Астанада қару клубында жас жігіт өз-өзіне қол жұмсады
Астанада қару клубында 19 жастағы жігіт өз өмірін қиды
Астана қаласындағы "Keiki Mergen" қару клубында қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
19 жастағы жігіт жаттығу кезінде "Tanfoglio Limited Custom" маркалы тапаншамен нысанаға бірнеше рет оқ атып, кейін қаруды өз басына бағыттап, өз-өзіне қол жұмсады.
Инструктор дереу жедел жәрдем мен полиция шақырған. Келген дәрігерлер ер адамның оқиға орнында қайтыс болғанын растады. Жас жігіттің қалтасынан әпкесіне арналған хат табылды. Онда ол өзінің өліміне ешкімді кінәламауды өтінген.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
15:37
Аспанда әскери ұшақтар ұшады: Астана тұрғындары...
01.11.2026
14:30
Маңғыстауда балалар ауруханасында дәрігерге шаб...
01.11.2026
13:42
Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуіл...
01.11.2026
12:33
Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Зардап шекке...
01.11.2026
11:31
Қостанайда екі ер адам 17 миллион теңге бопсала...
01.11.2026
10:21
Жұмысқа кешіккендерге айыппұл салуға бола ма? М...