Аспанда әскери ұшақтар ұшады: Астана тұрғындарына шұғыл ескерту жасалды

Аспанда әскери ұшақтар ұшады: Астана тұрғындарына шұғыл ескерту жасалды
Фото: Politico.kz

Астанада 1 қарашадан бастап әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады,деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 5-7 қараша аралығында елордада бірқатар халықаралық саяси іс-шара өтеді. Осыған байланысты қаланың кейбір көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына арнайы мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен Қазақстан Қарулы күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар, халықаралық іс-шараларға дайындық аясында әскери авиацияның жаттығу ұшулары ұйымдастырылады.

Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу