Астанада риносептопластикадан кейін 22 жастағы қыз алты ай бойы комада жатыр

Астанада риносептопластикадан кейін 22 жастағы қыз алты ай бойы комада жатыр
14.10.2025 10:00
0
115
ашық дереккөзден

Қостанай қаласының 22 жастағы тұрғыны Гүлжан елордадағы жеке клиникалардың бірінде мұрын пердесін түзетуге арналған ринопластика операциясынан кейін алты ай бойы ес-түссіз жатыр.

Туыстарының айтуынша, ота сәтті өткенмен, анестезиядан кейін қыздың жағдайы күрт нашарлап, оны ауыр халде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізген. Екі ай бойы жансақтау бөлімінде жатқан науқас қазір реабилитациялық орталықта ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын әлі де ауыр деп бағалайды.

Гүлжанның ата-анасы клиниканың ем шығындарын өтеуді ұсынғанын, бірақ полицияға шағымданбау талабын қойғанын мәлімдеді. Олар бұл ұсыныстан бас тартқан.

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бұл жағдай бойынша тәуелсіз сараптамалық тексеріс бастағанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың маусым және қыркүйек айларында клиникаға ресми хат жолданып, тексеру жүргізу туралы шешім қабылданған. Қазір клиника сараптамамен келісіп, нәтижелері бойынша жауап дайындалуда.

Министрлік клиниканың e-license жүйесінде тіркелген лицензиясы бар екенін және оның заңды негізде жұмыс істеп отырғанын растады. Сондай-ақ департамент дерегінше, клиника науқастың еміне қаржылай көмек көрсетіп, қымбат дәрі-дәрмектер мен ем шығындарын төлеген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий