Астанада сау баласын «ауырып жатыр» деп ақша жинаған әйелге қылмыстық іс қозғалды

Астанада сау баласын «ауырып жатыр» деп ақша жинаған әйелге қылмыстық іс қозғалды
15.10.2025 11:55
0
171

Астанада 31 жастағы әйел әріптестерін алдап, ұлын емдету үшін қаржы жинаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Кейін белгілі болғандай, баланың дені сау болып шыққан. Ал жиналған қаражатты әйел өз қажетіне, соның ішінде шетелге демалысқа жұмсаған.
Полиция департаментінің мәліметінше, декреттік демалыста жүрген әйел әріптестеріне «балам терезеден құлап, ауыр халде ауруханада жатыр» деп хабарлаған. Қайғыға сенген әріптестері көмек ретінде ақша жинап берген.

Алайда біраз уақыттан кейін әйелдің бір әріптесі оның күйеуіне хабарласып, баланың жағдайын сұрағанда, ер адам ешқандай оқиға болмағанын, баласының аман-есен екенін айтқан. Осылайша алаяқтық әшкере болды.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова жағдайға пікір білдірді.

«Полицейлер 31 жастағы әйелді ұлын емдету сылтауымен әріптестерінен алдап ақша алғаны үшін жауапқа тартты. Қазір алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Эльмира Шауленова.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий