Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушісі адам қағып өлтірді

Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушісі адам қағып өлтірді
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Елордада телефонға көңілі ауып кеткен автобус жүргізушісі адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы үшін сотталды, деп хабарлайды Politico.kz. 

Автобус жүргізушісі көлік құралын басқарып келе жатып, ұялы телефон арқылы сөйлескен кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен.

Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады, сондай-ақ көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалануға қатаң тыйым салынғанын еске салады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу