Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған өңірлер шеруі өтті
864
Астанадағы ЭКСПО аумағында Қазақстанның 20 өңірінен 200-ден аса өкілдің қатысуымен «Бірлік керуені» атты ауқымды іс-шара өтті. Спортшылардан, батырлардан және қоғам қайраткерлерінен құралған керуен әр өңірдің дәстүрлі стилінде безендіріліп, шеру жасады, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Керуеннің басты міндеті – өңірлерден елордаға ойындар тарихының ажырамас бөлігі саналатын қасиетті суды ойындардың ашылу салтанатына жеткізу. «Бірлік керуені» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатының басты киелі элементі ретінде қасиетті суды пайдалану дәстүрін жалғастырады.
Кеше сағат 16:00-ден бастап, ЭКСПО аумағында елорда тұрғындары мен қонақтары алдында ди-джей өнер көрсетіп, интерактивті ойындар өткізілді. Одан әрі сағат 17:00-де театрландырылған бағдарламамен және 20 өңірден келген өкілдердің шеруі арқылы ресми ашылу өтті.
Қатысушылар мен көрермен алдында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара барысында керуен еліміздің барлық өңірінен жиналған қасиетті суды Астанаға жеткізді. Бұл су Қазақстан халқының ортақ күші мен бірлігін білдіреді. Шеруді шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада әншілері жалғастырды.
Іс-шара барысында Royal beats барабаншылар ансамблі, «Жошы» тобы, сондай-ақ Aro, Қуандық Рахым, Маржан Арапбаева, Ғазизхан Шекербек, Ақбота Керімбекова, Ayree, Мирас Жүгінісов және «Бәйтерек» тобы секілді өнер иелері концерт өткізді.
Еске сала кетсек, осыған дейін еліміздің әр өңірінің киелі саналатын бұлақ көзінен торсық толы су жиналған болатын. Дәл осы су 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатының негізгі элементі болмақ.
Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Оған әлемнің 89 елінен 2 500-ден аса адам қатысады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...
14.10.2026
18:25
Тоқаев Ерлан Қаринді қабылдап бірқатар тапсырма...
14.10.2026
18:03
“Балалары 1,5 және 3 жаста болған”: ШҚО-да өртт...
14.10.2026
17:11
«Бүгін 54 жасқа толар еді»: Марқұм актер Мұрат ...
14.10.2026
16:59
Қазақстанда мыс көп, бірақ оны өңдейтін зауытта...