Астанада велосипедтен құлаған әйелді көлік қағып кетті
1134
Астананың Кирпичный ауданында қайғылы жол-көлік оқиғасы болып, 46 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға шамамен сағат 22:50-де Жолымбет және Бестөбе көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел Жолымбет көшесінің бойындағы тротуармен велосипедпен келе жатқан. Бестөбе көшесіне жақындаған кезде ол көлікті басқара алмай, жолға құлап кеткен. Сол сәтте оның үстінен өтіп бара жатқан «Газель» автокөлігінің артқы дөңгелегі басып кеткен.
Әйел алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Оқиғаға қатысты өзге ақпарат тергеу барысында белгілі болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
23:17
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Аурухана...
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...