Астанада жас көшбасшыларды даярлайтын «Адал азамат» мектебі ашылды

24.07.2026 22:25 Қарақат АСЫЛОВА
Астанада жас көшбасшыларды даярлайтын «Адал азамат» мектебі ашылды
56

Астанада жастарға арналған жаңа білім беру жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Елордада жастардың көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған «Адал азамат» атты жаңа білім беру жобасы өз жұмысын бастады. Бастаманы «Жаңа адамдар» және «Дала қырандары» қоғамдық қозғалыстары жүзеге асырып отыр.

Бағдарлама аясында қатысушыларға жобаларды басқару, көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру, тиімді коммуникация орнату, қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу бағыттары бойынша тәжірибелік білім беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба жастарды тек теориямен шектемей, нақты қоғамдық мәселелерге шешім ұсынуға баулиды. Бағдарламаның басты мақсаты – жауапкершілігі жоғары, бастамашыл әрі белсенді азаматтарды қалыптастыру.

Жоба барысында жастар өз идеяларын жүзеге асырып, қоғамдық бастамаларды әзірлеу мен іске асырудың практикалық тетіктерін меңгереді.

Войдите, чтобы оставить комментарий