Астанадағы өрт: Үш баласынан айырылған ана есін жиды

18.04.2026 09:57 Қарақат АСЫЛОВА
Астанадағы өрт: Үш баласынан айырылған ана есін жиды
282
Қайғылы өрттен аман қалған ана жансақтау бөлімінде жатыр

Астанада болған жойқын өрттен аман қалғанымен, үш бірдей баласынан айырылған әйел есін жиды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алайда дәрігерлер оның жағдайы әлі де ауыр екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта науқас жетінші күн қатарынан жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайының күрделі екенін күйік жарақаттарының ауырлығымен, тыныс алу жолдарының зақымдануымен және ағзаның улануымен байланыстырып отыр.

Дәрігер-травматолог Марат Сабиров пациенттің есін жиғанын, алайда әлі де дәрігерлердің қатаң бақылауында екенін айтты.

«Науқас есін жиды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта тыныс алуы жасанды желдету аппараты арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Жүрек соғысы мен қан қысымы тұрақты», – деді маман.

Қазір зардап шеккен әйел елордадағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның психологиялық жағдайына қатысты нақты мәлімет әзірге жарияланған жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий