«Осыған дейін қайда болдыңдар?»: Баян Алагөзова камзол мәселесіне жауап берді

18.04.2026 08:54 Қарақат АСЫЛОВА
«Осыған дейін қайда болдыңдар?»: Баян Алагөзова камзол мәселесіне жауап берді
418
Фото: todayinfo.kz
Алагөзова камзолдың қалай келгенін айтты

Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желіде қызу талқыланған «Қыз Жібек» камзолына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол өз ойын Instagram-дағы стористерінде бөлісті. Алагөзова бұл киімнің ондаған жыл бойы ешкімнің назарында болмағанын атап өтті. Оның айтуынша, «Қыз Жібек» фильміндегі тарихи костюмдер уақытында дұрыс сақталмаған.

«Неге осы уақытқа дейін ешкім бұл камзолды іздемеді? Ұлы фильмнің костюмдері қайда? Ешкім сақтамаған», — деді ол.

Продюсердің сөзінше, аталған камзол ешбір ресми тіркеуде жоқ және ұзақ уақыт бойы жеке адамның қолында сақталған. Белгісіз әйел оны үйінде сақтап келген, кейін сенімді адамға беруді жөн көрген.

«Бұл камзол ешкімге міндетті емес. Ол еш жерде тіркелмеген. Оны бір жанашыр әйел сақтап келген, енді оны маған табыстады», — деді Алагөзова.

Сонымен қатар, ол камзолды кеңінен насихаттауды жоспарлап отырғанын айтты. Продюсер келесі жылы өтетін «Қазақ аруы» байқауына арнайы 600 дана көшірме тігуді көздеп отыр. Оның айтуынша, бұл арқылы ұлттық мұраны көпшілікке танытпақ.

Алагөзова сондай-ақ «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешева еңбегін ерекше атап өтті. Ол актрисаның образын қайта жаңғыртып, костюм көшірмелерін тігетінін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Баян Алагөзова желіде аңызға айналған қызғылт камзолды көрсетіп, оның өзіне сыйлық ретінде берілгенін айтқан болатын. Аталған камзолды актриса Меруерт Утекешева «Қыз Жібек» фильмінде киген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий