Қуандық Бишімбаевтің қарындасы Астанадағы түнгі клубты жарықсыз қалдырды

Астанадағы ZIMA түнгі клубы мен Қуандық Бишімбаевтың қарындасы арасында жанжал шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Елордадағы «Гастроорталық» ғимаратында орналасқан ZIMA түнгі клубы мен Қуандық Бишімбаевтың қарындасы Аружан Бишімбаеваның арасында жаңа дау шықты. 8 тамыз күні түнінде клубқа Аружан Бишімбаева келіп, жарықты сөндірген. Салдарынан мекеменің жұмысы тоқтап қалған.
Мейрамхана әкімшілігінің мәлімдеуінше, Аружан Бишімбаева ешқандай ескертусіз ZIMA мекемесіне кіріп, электр жарығын өшірген. Сонымен қатар, «Гастроорталық» басшылығы арқылы жалға алу шартын қысқартқан, оған сәйкес клуб желтоқсан айында ғимараттан шығуы тиіс екені айтылады.
Клуб өкілдері бұл әрекеттердің ешбір түсіндірмесіз және заңды негізсіз жасалғанын алға тартады. Олар «Гастроорталықты» нақты кім басқаратыны және неге Бишімбаевтар отбасына жақын адамдар оның жұмысына араласып жүргені жайлы жауап күтетінін айтуда.
@_theonebar_ Автор видео: @Zima.Ast 📢 Кто на самом деле управляет «Гастроцентром»? В апреле 2024 года, по данным официальных источников, мать Куандыка Бишимбаева вышла из состава учредителей ТОО «Гастроцентр». После трагических событий 2023 года руководство заявляло о полном выходе семьи Бишимбаевых из управления комплексом. Общественности была обещана новая этика, прозрачность и безопасность. Но сегодня мы наблюдаем обратное. На днях сестра Куандыка Бишимбаева без предупреждения вошла в ресторан ZIMA и самостоятельно отключила свет, а также инициировала через администрацию «Гастроцентра» включение дополнительного соглашения, по которому мы должны выйти из помещения уже в декабре. Без объяснений, без переговоров, без законных оснований. ⠀ 📌 Мы задаёмся вопросом: Если учредители действительно вышли, почему их близкие родственники продолжают управлять внутренними процессами комплекса? Неужели администрация «Гастроцентра» ввела в заблуждение арендаторов и общественность относительно действительного состава управления? ⠀ 📍Ресторан ZIMA не имел никакого отношения к событиям, вызвавшим общественный резонанс в 2023 году. Более того, чтобы поддержать доверие и уважение к пространству, мы стали инициаторами акции «Год женщин» — в её рамках каждая гостья получала 10 000 тенге на депозит. Мы сделали это, чтобы вернуть людям чувство безопасности, поддержки и человеческого тепла в стенах этого здания. Сегодня мы — не просто арендаторы. Мы — команда, которая ежедневно строит диалог с городом, создает рабочие места, развивает культуру досуга, и делает это открыто. Мы призываем администрацию «Гастроцентра» и соответствующие органы дать прозрачный ответ: • Кто на самом деле управляет комплексом? • Почему лица, формально не имеющие отношения к «Гастроцентру», вмешиваются в деятельность резидентов? • Какие гарантии безопасности и прав арендаторов действительно действуют? ZIMA остаётся на стороне открытого диалога, уважения к гостям и честной аренды.
♬ оригинальный звук - theonebar
Өз кезегінде Аружан Бишімбаева Instagram парақшасында бұл жағдайды бопсалаудың арзан әрекеті деп атады. Ол ешкімнен қорықпайтынын және мейрамхана өкілдерін қоғамды алдамауға шақырды.
Сонымен қатар, мейрамхана Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіні шақыратыны туралы айтқан.
Соңғы жаңалықтар





